СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атаған ресейлік телеарнаның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
"Біздің ойымызша, бұл біріншіден, Ресей билігінің ресми ұстанымы емес. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Үшіншіден, Ресей билігінің оған реакция білдіргені жөн деп санаймыз" деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Роман Василенко.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Вечер с Владимиром Соловьевым" атты Ресейдің мемлекеттік арнасында шыққан хабардан үзінді жарияланған болатын. Ток шоуға қатысушылар Қазақстанда да Украинадағыдай "нацистік" процестер басталуы мүмкін екенін айтып, "Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан" деп мәлімдеген.
Пікір қалдыру