Президентті ұлықтау рәсімі өтіп, Қ.Тоқаев ресми түрде 7 жылдық мерзіміне кірісті.
Конституцияның 42-бабына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.
– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!, – деді ол.
Президент ұлықтау рәсімінде сайлаудағы жеңісті тойлауға уақыт жоғын, алда атқарылуға тиіс шаруа көп екенін жеткізіп, бірден бірнеше жарлыққа қол қоятынын мәлім етті.
Артынша Ақорданың баспасөз қызметі президент қол қойған жарлықтарды жариялады:
♦«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлық.
♦«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық.
♦ «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлық.
♦«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Жарлық.
♦ «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлық.
♦«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы» Жарлық.
♦«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы» Жарлық.
Пікір қалдыру