Алматыда тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы жұмыс жасап жатқанын хабарлаймыз

/image/2022/12/01/crop-4_83_251x446_113814251400.jpg

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы шеңберінде «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігімен Алматы қаласында (МИБ, ТКШ, Халықты әлеуметтік қорғау және т.б.) азаматтар үшін тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды.

Бұл орталықта тәжірибелі заңгерлер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты «жедел желі» жұмысы;

Барлық аудандарда жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмысы (ай сайын кемінде 2 рет) тұрғындарға (базарларда, емханаларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.);

Азаматтардың құжаттарын (өтініш, талап, өтініш және т.б.) дайындауға әдістемелік көмек көрсету және соттарда  халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектер, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және т.б.) істерін жүргізу;

Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, сондай-ақ телефон, электрондық пошта арқылы және "Онлайн кеңесші" 24/7 интерактивті модулінің көмегімен орталық сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде консультациялар жүргізу.

Мекен жайы: Медеу ауданы, М.Мақатаев көшесі 47, Партнер Бизнес орталығы, 5 қабат, 508 кабинет

Ұялы номер: +7707 672 1779

Электрондық пошта: zan.kenesi@mail.ru

Instagram аккаунт @zan.kenesi

Телеграмм бот т @zan_kenesi

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар