Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

/image/2022/12/02/crop-45_27_396x704_photo_107319.jpeg

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Атырау қаласының №2 сотына Б.Хаменовадан, оның адвокаты И.Вранчевтан, У.Адамов пен оның адвокаты К.Адамовадан және А.Рысқалиевтың адвокаты Н.Жолболовтан апелляциялық шағымдар түскенін хабарлаймыз. Апелляциялық шағымдарға байланысты іс әлі алқа қарауына берілген жоқ", - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменоваға алдын ала келісім бойынша пара алды деген айып тағылған болатын.

Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар