9 желтоқсанында «Almaty Resort» шипажайында жұмыссыз жастарға арналған «Jas Camp Almaty» жастар лагері – «Акселератор» жобасының елу финалистіне 1 млн.теңге көлемінде мемлекеттік гранттар салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл жоба бизнесті басқару саласында жаңа білім алу арқылы, жобалардың өсуін және оларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды табу арқылы қаланың жұмыспен қамтылмаған жастарын қолдауға бағытталған.
Іс-шараны Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы КММ ұйымдастырған.
Жобаға 1000-ға жуық «жұмыссыз» мәртебесінде тіркелген жастар қатысты, олардың 100-і 5 күн ішінде «Almaty Resort» кешенінің базасында білікті тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан шеберлік мастер-классынан өтті.
Оқыту барысында жаңа бастаған кәсіпкерлерге қажетті дағдылар мен кәсіптерді үйренуге, қоғамдағы тәуелсіз өмірге бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға пайдалы дағдыларды игеруге ерекше назар аударылды.
Байқау негізінде 50 жастар өз идеяларын жүзеге асыру үшін гранттар алды.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру