Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және "Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің баспасөз қызметі Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қамауға алынғанын растады деп жазады ҚазАқпарат. Айта кетсек, әзірге экс-әкімнің қамауға алынуына қатысты істің мән-жайы белгісіз.
Ulysmedia.kz сайтының хабарлауынша, Кәрім Көкірекбаевтың "BAZIS CONSTRUCTION" - "INFR" ЖШС филиалының директорынан шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталған.
Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев әр жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, "ЭйрҚазақТур" ЖШС-нің бас директоры, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры, даму жөніндегі вице-президенті, бас инженері болып қызмет еткен. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары лауазымында болды.
2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. Сол жылы ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған еді.
2019 жылдың тамызында "Қазселқорғау" ММ басшысы болып тағайындалды.
Пікір қалдыру