Елде 2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

/image/2022/12/28/crop-89_36_594x1056_63abbf546361e451238172.jpg

Қазақстанда 2 621 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  8 адамның жағдайы ауыр,
  •  6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 231, коронавирус белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдықты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар