Астана қаласында олигарх, Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың соты басталды. Сарыарқа аудандық №2 сотындағы отырыс «АзияГазЧунджа» ЖШС-не қатысты қылмыстық эпизод бойынша өтіп жатыр.
Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтаған.
Олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлады және қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікке ілінген.
Қайрат Боранбаев 17 наурызда қамауға алынған. Оның үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғалған.
Пікір қалдыру