Әділет министрлігі "Вкусно и точка" тауар белгісін тіркеу туралы өтінім қаралып жатқанын хабарлады, деп жазады Интерфакс.
"Ресейлік" ПБО Жүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстанда "Вкусно и точка" тауар белгісін тіркеу жөніндегі өтінімі сараптама ұйымының қарауында", делінген министрліктің хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, өтінім бірнеше ай бойы қаралуы мүмкін.
5 қаңтарда McDonald's мейрамханалар желісі Ресейден ет өнімдерін жеткізудегі шектеулерге байланысты Қазақстандағы жұмысын тоқтататынын хабарлаған. Желі былтыр Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Ал "McDonald’s" ресторандары орналасқан ғимараттарында жергілікті "Вкусно и точка" желісі ашылған болатын.
Пікір қалдыру