Қайрат Боранбаев денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатысудан бас тартқан. Бұл туралы Сарыарқа аудандық соты хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz сайты.
Қайрат Боранбаев тергеу изоляторында медициналық тексеруден өткен. Дәрігерлер оның жағдайын "орташа ауыр" деп бағалап, невропатолог пен нейрохирургке қаралуға кеңес берген.
"Неврологтың айтуынша, Боранбаев өз бетінше жүре алады. Дегенмен дәрігерлер оған төсекте қалуға кеңес берген. Боранбаевтың денсаулық жағдайын ескере отырып, сот отырысын дүйсенбіге сағат 10- ға ауыстыруды жөн көредік", - деді судья Бапакова.
Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевты ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алды.
Пікір қалдыру