Әкімдерді бопсалап, ақша талап еткен Антикор қызметкерлері ұсталды

/image/2023/02/20/crop-21_4_618x1099_c6ab5d99b53bc70fd918778dfc0.webp

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтердің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. 

Бас прокуратура мәліметінше, Антикор қызметкерлерінің тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражат берген.

Нәтижесінде 7 ауылдық округтің әкімі мен әкімшіліктің 1 есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылған.

"Бас Прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған. Өз кезегінде, 2 жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәлерін толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтарындағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмысты жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы 2 жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылген. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар