Елде бір жылда такси ақысы 12,2% қымбаттаған.
Energyprom.kz порталының мәліметінше, өңірлер бойынша ең көп қымбатшылық Атырау облысында байқалған. Бір жылда қызмет бағасы бірден 37,5%-ға қымбаттаған. Одан кейін Жетісу (33%) және Абай облыстары (31,2%) тұр.
Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: бар болғаны 0,5%. Тағы үш облыста – Қарағанды, Түркістан және Ұлытауда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Numbeo деректегінше, стандартты тарифпен 1 км такси қызметі Египетте (0,16 АҚШ доллары), Пәкістанда (0,19 АҚШ доллары) және Беларусьте (0,2 АҚШ доллары) арзан болып саналады.
Арзан елдер ондығына ТМД-дан Армения мен Өзбекстан (әрқайсысы 0,26 АҚШ доллары), Украина, Молдова және Ресей (әрқайсысы 0,27 АҚШ доллары) кіреді. Қазақстан (0,44 АҚШ доллары) мен Әзербайжанда (0,59 АҚШ доллары) такси қызметі қымбатырақ.
Ең жоғары баға Швейцарияда (4,25 АҚШ доллары), Кувейтте (3,27 АҚШ доллары) және Ямайкада (3,26 АҚШ доллары) тіркелген.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 16% өсіп, 5 млрд теңгеге жеткен.
Ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында байқалған. Бұл саладағы компаниялардың табысы бір жыл ішінде 49,5% өсіп, 2,1 млрд теңгеге жеткен. Үздік үштікке елорда (1,1 млрд теңге, 0,2% көбейген) мен Алматы (1 млрд теңге, 0,9% азайған) кірген.
Пікір қалдыру