Қазақстанда 2,7 мың шетелдікке заңсыз жұмыс берілгені анықталды

/image/2023/03/06/crop-20_7_419x745_photo_266304.jpg

Қазақстанда бір аптада 2,7 мың шетел азаматына заңсыз жұмыс берілгені анықталып, 471 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұл туралы Ішкі ісстер министрлігі хабарлады. 

"Сегіз күнде 9,2 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Кейде жұмыс берушілер пайда табу мақсатында шетелдіктерді жұмысқа заңсыз қабылдайды. Осылайша өз азаматтарымызды еңбек ету мүмкіндігінен айырады", - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Алматы және Атырау қаласындағы құрылыс нысандарында 145 шетелдік заңсыз жұмыс істеген. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталып, ел аумағынан шығарылған шетел азаматтары  5 жылға дейін Қазақстанға кіре алмайды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар