Алматыдағы митинг кезінде құқыққорғаушы Маржан Аспандияр сайлау, бейбіт жиын және саяси партияға қатысты заңдарға өзгеріс енгізілуі керегін айтты.
"Біздің полиция да, сот та, ҰҚК де қылмыстық биліктің шашпауын көтеріп отыр. САйлау кезінде қандай заңсыздықтар болғанын білесіздер. Арыз-шағым жаздық. Бірақ өтірік жауаптар келді. Алматы қалалық мәслихаттың бейбіт жиын туралы заңға өзгеріс жасауы керегін талап еттік. Алайда Алматы қлаасындағы бейбіт жиын өткізетін орындарға қатысты заңға өзгерістер енгізілуі керек. Қазіргі Астана қаласындағы орындарына жайғасқан депутаттарды мойындамаймыз. Алайда олардың ішінде "біз шынайы депутатпыз, заңды түрде сайландық" деп айтып жүргендер бар. Сол депутаттар сайлау туралы, бейбіт жиын және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізілуін талап етуі керек. Халықтық парламент заңның қай бабына өзгеріс енгізілуі керегін айтып, көмектесуге дайынбыз", деді Маржан Аспандияр.
Сондай-ақ митинг ұйымдастыруышыларының бірі Мұхтар Тайжан жаңадан депутат болып сайланған Ермұрат Бапи мен Абзал Құспанға үндеу жасады.
"Осы заңдарға өзгеріс енгізу керегін Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан Мәжілісте көтеруі керек", деді ол.
Пікір қалдыру