Алматы қаласының тұрғыны Серік Кенжебеков мынандай әрекетке бармақшы. Ол өзінің он екі мүшесінің бірін 50 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Түскен қаржатқа Алматыдан бір бөлмелі пәтер аламын дейді . Қалған ақшасы азды-көпті уақытқа жетуі тиіс екен. Артынша аула тазалаушы болып жұмыс істесем де, ештеңе етпейді дейді 22 жастағы қала тұрғын.
Тепсе темір үзер жасында мұндай әрекетке баруына басты себеп, Үкімет пен билікке сенім жоқтығы екен. Айта кететін маңызды жайт; Серік жетімдер үйінің түлегі. Ол туралы «Қамшы» порталы жазған болатын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін көшеге бір, көшетке бір қонып жүріпті. Ол үйсіз-күйсіз болудан жалықтым дейді.
Тілшілерге берген сұхбатында Серік Кенжебеков мемлекеттің жітімдерге деген көз қарасын да жасырмай айтты.
«Жетімдерге үй бергенді мемлекет басшылығы пиар көреді. 30-40 жыл өз кезегін күткен адамдарға үй берудің несі бақыт? Оның жарты өмірін қандай қиналыспен өткізгеніне кім жауапты? Оның үстіне жетімдер үйінің түлектеріне деген көзқарас та адам шошытады. Нақұрысы- біз, қылмыскері- бізбіз бұл елдің»,- дейді Серік.
Пікір қалдыру