Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау берілетін болды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған:
Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алптын болады.
Осакаров ауданындағы бірқатар ауыл:
Звездный ауылдық округі – Жұлдыз;
Тельман ауылдық округі – Нияз; Комсомольское ауылы – Қайыңды;
Сенакосное ауылы – Қаратомар;
Тельманское ауылы – Қаракөл;
Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертіледі.
Аталған құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.
Пікір қалдыру