ҰҚК Сириядан қазақстандық содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды

/image/2023/04/14/crop-0_8_349x620_original_5d3871cfb35620d4716e08d9f2a4a4dd.jpg

11 наурызда ҰҚК  қазақстандық содырдың  Сириядағы  қызын елге қайтарды. Қызды елге қайтаруға алты айдан астам уақыт кеткен. 

"Қазіргі уақытта ол Астана қалалық балаларды қолдау орталығында, психологиялық жағдайы қанағаттандырарлық. Қызды медициналық тексеруден өткізіп, бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіп жатырмыз. Бала алдағы уақытта туыстарының біріне қайтарылады", - деді ҰҚК.

Қазір шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын лаңкестік аймақтардан қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Сондай–ақ, 2019 жылдан бері ҰҚК 518 кәмелетке толмаған, оның ішінде 34 жетім баланы лаңкестік әрекет аймағынан отанына қайтарды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар