"Бірде–бір шаршы метр жерім жоқ": Даниал Ахметов экс–депутаттың сынына жауап берді

/image/2023/04/19/crop-50_31_625x1110_643f9e5187f57674694194.jpg

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов эксдепутат Берік Дүйсенбиевке жауап берді. Бұған дейін мәжілістің бұрынғы депутаты Берік Дүйсенбинов Өскемендегі мыңдаған гектар жер облыс әкіміне тиесілі екенін айтып елді шулатқан еді.

"Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз – Бақауовтікі, Астананың маңайында – Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр", –  деп мәлімдеген болатын Берік Дүйсенбиев.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі депутаттың бұл сөзін  “мәдениетсіздік” деп атады.

"Бұл жала. Менің бірде–бір квадрат метр жерім жоқ. Сол себепті мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз, оның депутаттық статусы бар. Бірақ оның сөзі өте мәдениетсіздік" – деді Ахметов үкімет отырысынан кейін.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар