Кәрім Мәсімов өлім аузында жатыр, деп хабарлады бұрынғы ҰҚК басшысының PR қызметі.
4 сәуір күні америкалық Джонс Хопкинс университетінің дәрігері, доктор Эрнест Браун Кәрім Мәсімовтің қамауда болуына байланысты ерте қайтыс болуы мүмкін екенін айтты.
Мәсімовтің дәрігері Браун оның 2023 жылы қаңтарда шұғыл операциядан аман қалғанын хабарлады. Ол көз катарактасы мен жүрегі ауыратын Мәсімовті уақытша ұстау изоляторында ұстау инфарк немесе инсульттан қайтыс болуына әкелуі мүмкін екеін айтты.
"Медициналық көмек берілмесе, Мәсімовтың жағдайы нашарлай береді. Мен Гиппократқа ант бергендіктен, қаралушымның жағдайына немқұрайлы қарай алмаймын"– деді дәрігер.
Браун Кәрім Мәсімовтің босатылуын талап етті. Сонымен қатар, БҰҰ–ның жұмыс тобы да Мәсімовті босатуға өтініш білдіріп жатыр.
Кәрім Мәсімов соңғы рет 2022 жылдың 6 қаңтарында Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында көпшілік алдына шыққан болатын. Сол күні ол қызметінен босатылып, орнына Ермек Сағымбаев тағайындалған еді. 8 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталғанын хабарлады.
Пікір қалдыру