Алматыда бір топ кинорежиссер наразылыққа шықты

/image/2023/05/12/crop-0_97_720x1280_b85f76a9-c760-4d45-9b6a-2314a61d7eeb.jpeg

Алматыда бір топ кинорежиссер наразылыққа шығып, ұлттық киноны қолдау үшін жарияланған байқаудың қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді. 

Азаттық радиосының хабарлауынша,  "Алматы" қонақүйінің алдына ондаған адам жиналған. Наразылар қолына "Президент Тоқаев! Кино орталығының былықтарына назар аударыңыз!", "Ұлттық киноға – ұлттық менеджер" деген жазуы бар плакаттар ұстаған. 

Олардың пікірінше, комиссия байқау кезінде "өздері жақсы танитын" сценаристер мен режиссерлардың жобасын таңдаған, ал "шынымен де құнды еңбектер" көзге де ілінбеген. 

Наразылыққа шыққандар байқаудың алдын ала қорытындысын жарамсыз етуді, мәдениет министрімен кездесуді және ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының басшылығын отставкаға жіберуді талап етті.

Әкімдік өкілдері жиналғандарға шараның заңсыз екенін ескертті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар