Елена Рыбакина Римдегі турнирде жартылай финалға шықты

/image/2023/05/18/crop-10_3_359x639_069c0000-0aff-0242-e523-08db01139c10_cx0_cy2_cw0_w650_r1_s.jpg

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты. Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Ширек финалда қазақстандық спортшы поляк теннисшісі Игорь Швантекпен ойнады. Алғашқы партияда 6:2 есебімен Швантек озды. Екінші сетте 7:6 есебімен қазақстандық ұтты. Үшінші сет 2:2 есебіне жеткенде, Ига Швёнтек жарақатына байланысты ойыннан шығып қалған.

Осы маусымда Рыбакина әлемнің алғашқы ракеткасын осымен үшінші рет жеңіп отыр.

Жүма күні жартылай финалда Рыбакина Латвия спортшысы Елена Остапенкомен (Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингісінде 20-қатарда тұр) ойнайды.

Осы айдың басында Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Тунис спортшысы Онс Жабер ойыннан шығып қалғаннан кейін әлемдегі алтыншы ракетка атанған.

Оның алдында көктемде Рыбакина Индиан-Уэлс турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингід үш орынға көтерілген. Финалда ол 7:6 және 6:4 есебімен Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңген. Қаңтардың аяғында Рыбакина Australian Open финалында Беларусь спортшысынан ұтылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар