"Қазақстан халқына" қоғамдық қорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 380 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бір жылда 1,5 есеге жуық төмендеген.
"Қордағы орташа жалақы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Өткен жылы – 565 мың болса, қазір 380 мың теңге болды",– деді басқарма мүшесі София Айсағалиева .
Биыл қордағы қызметкерлер саны 47 ге жеткен.
"Бұған дейін қорда 25 адам болса, қазір 47 адам бар. Негізі өткен жыл біз үшін қалыптасу жылы болды. Ендігі міндетіміз – әкімшілік шығындарды ұлғайтпау", – деді София Айсағалиева.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 285 433 теңгені құрайды.
Пікір қалдыру