"Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау болды": Кылычдароглу демократия үшін күресе беретінін айтты

/image/2023/05/29/crop-0_32_493x876_kmo_120232_26507_1_t222_095540.jpg

Режеп Тайып Ердоғанның қарсыласы Кемаль Кылычдароглу Түркияда өткен президент сайлауын "ел тарихындағы ең әділетсіз сайлау" деп атады. 

Ол Анкарада сөйлеген сөзінде дауыстың әділетсіз саналғанын айтып, авторитарлы жүйені ауыстыру үшін әрі қарай күресе беретінін мәлімдеді.

"Маған дауыс берген 25 миллионнан астам азаматтың күшті болып қала бергенін қалаймын. Біз осындамыз, біздің марш жалғасады. Біз демократия үшін күресімізді жалғастыра береміз. Мен бұл күреске сіздердің де қатысуларыңызды сұраймыз. Қазір бір адамның бізді демократиядан айырғанын көріп отырмыз", – деді саясаткер.

Ол Түркияда демократия іс жүзінде үстемдікке ие болмайынша күресе беретінін қосып өтті.

Еске сала кетейік, 28 мамырда Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясының басшысы Ахмет Йенер президент сайлауының екінші кезеңінде Реджеп Тайып Ердоғанның жеңіске жеткенін хабарлады. Ол 52 пайыз дауыс жинаған. Ал Кылычдароглуға сайлаушылардың 47,86  пайызы дауыс берген болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар