Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының беларусь журналисі Светлана Алексиевичке берілуі екіұдай ойға жетелейді. Жазушылар тарапынан оған көңіл толмаушылық туындауы кәдік. Оған түсіністікпен қарауға болады. Көркем әдебиеттің шоқтығы қашан да биік әрі ол құдіретті дарын-қабілеттіліктің жемісі. Ақын-жазушы деп аталатын мамандық жоқ, ол кәсіп те емес, жүректың қалауы. Құдай жаратқан дарынды ешбір оқу орны бойыңа сіңіре алмайды. Ал, өз кезегінде журналист де дарыннан кенде емес. Бір ойшылдың айтқаны бар: "Журналист дегеніміз роман жазуға уақыты жоқ, бірақ,, қабілеті зор жазушы" деген мағынада. Онымен де санасу керек сияқты. Қалай десек те, аталмыш сыйлықтың журналиске берілуі әлемде әдебиеттің орнын публицистика басып озып келе жатқандай көрініс береді. Шынымен де, оқырман қауым көркемдік шындықтан гөрі шынайы дерекке көбірек ден қойып, журналистика дәуірлеп бара жатқан жоқ па екен?
Қуандық Шамахайұлы, Facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру