Укринаның ІІМ-лігі ИГИЛ терроршыларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бірақ анығын айтуымыз керек бұл ұсыныс ресми түрде жарияланған жоқ. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Укринаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко бұл ұсынысын өзінің фейсбуктегі парақшасында жария еткен.
Геращенко ресейлік әуе күштерінің Сириядағы әрекеті туралы ақиқатты жария етуге дайын екенін мәлімдеген. Былайша айтқанда достарын ақпараттық айқасқа шақырған.
Фейсбуктегі парақшасында ол: « Жарияланбаған Сириядағы соғысқа қатысы бар Ресей азаматтары туралы қандайда бір ақпараттарыңыз болса, «Миротворец» сайтына жіберіңіздер. Таяу арада онда жаңа бір бөлім ашылады. «Путиннің Сирия және Таяу Шығыстағы қылмысы» деген атау беріп үлгердік»,- деді.
Пікір қалдыру