Кешегі күннің өзінде Израиль мен Иордан өзенінің Батыстық жағалауында суық қару қолданысының салдарынан 9 израильдық, 3 араб және 1 бәдәуй қаза тапты. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.
Израильдің оңтүстігіндегі Димона қаласында 30 жастағы еврей үш палестиндық пен бір бәдәуйді пышақтап, жарақаттаған. Шабуыл жасаған азамат полиция қызметкерімен құрықталған болатын.
Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврейлердің елді мекенінде палестиндік азамат полиция қызметкерін пышақтаған. Салдарынан, оны полиция қызметкерлері атып өлтіруге мәжбүр болған.
Иерусалимде араб азаматы полициямен құрықталмас бұрын 14-жастағы жеткіншекті пышақтап үлгерген. Бұл жағдай алдыңғы жағдаймен бір уақытта болған.
Премьер-министр Биньямин Нетаниягу Израильді «заң мен тәртіптің мемлекеті» деп, аталмыш төтенше жағдайларға байланысты мін айтты.
Пікір қалдыру