Айқайы үшін айппұл төледі

/uploads/thumbnail/20170708200308654_small.jpg

            Сап!Сап! «Қамшы» күні кеше ғана «Ұлттық Банктің алдында ұлардай шулап халық жиналды» деген мақала жариялаған болатын. Ұлардай шулаған халық өз құқықтарын аяқ асты етпеуді талап еткен. Алайда бұларды полцей тарқатып тынды. Сонымен қатар тым белсенді бес азамат оқиға орнында құрықталған-ды.

            Алматының ауданаралық арнайы әкімшлік сотының қаулысы бойынша ысқырығы жер жарған әлгі бес азамат айппұл төлейтін болды деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Тотал.kz»-ке сілтеме жасай отырып.

            Белсенділігі елден ерек болған бес азамат әкімшілік кодекстің 488-ші бабы бойынша, яғни бейбіт митинг, жиын, шеру жасау барысында заң бұзушылыққа байланысты жазаға тартылған.

            Атап көрсетсек Исенова Д.А.-ға 99 100 теңге, Жақыпов К.К. есімді азаматқа 39 640 теңге айппұл салынған. Ал Бақбергенова С.С., Бегишево У.Т. және Щиряева Ю.П.-ға ескерту жасалған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар