Оқушы қыз тура сабақ үстінде қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170708200309607_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында адам айтса нанғысыз жағдай орын алды.  Дене шынықтыру сабағы кезінде 13 жастағы қыз  кенеттен қайтыс болған. Бұл туралы «Қамшы» порталы  КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жасөспірімнің дені сап-сау, еш жерде медициналық есепте тұрмаған. Қайғылы оқиға Қиялы ауылының орта мектебінде болды. Жетінші сыныпта оқитын Светлана Краснощекова сабақ енді басталғанда кенеттен талып қалған. Мектеп дәрігері мен жедел жәрдемнің 40 минут бойы оның есін жиямыз деген әрекеттерінен түк шықпапты. Кейін қыздың құлаған сәтте-ақ жүрегі тоқтап, жан тәсілім еткені белгілі болды. Кеше, яғни  9 қазанда марқұмның туыстары Светлананы жерледі.


 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар