Көшені жапқан Астана тұрғындарын полиция күштеп алып кетті (видео)

/image/2023/06/09/crop-28_11_645x1146_6482c48601f97351079589.png

Астана тұрғындары тағы да жолды жауып тастады. Бұл жолы наразылыққа шыққан «Мәскеу» кешенінің тұрғындары мүлік иелері бірлестігі төрағасына шағымданып, оны қызметінен босатуды талап етті.

Полиция қызметкерлері наразы халықты автобусқа тиеп алып кеткен. Аталған мәселе бойынша қала  әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік қала тұрғындарын заң талаптарына бағынуға шақырды. 

«Заңсыз акцияларға қатыспау, арандатушылыққа берілмеу, мүлік иелері бірлестігі басшылығына таласушылардың сіздерді өз пайдасына пайдалануына жол бермеу керек. Құқық бұзушыларға құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, бүкіл мәселе тек құқықтық салада шешілуі керек», - делінген әкімдік хабарламасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от NUR-SULTAN|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар