Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

/image/2023/06/15/crop-24_16_648x1152_648a891e1b4ac452839406.png

Бас прокуратура Грузиядан Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай экстрадицияланғанын мәлімдеді. 

"Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланып, 50 мл теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауына жауап берді", – делінген хабарламада.

Қайсар Сарытай "50 млн теңгеден астам мемлекет ақшасын ысырап қылды" және "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Ол 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар