2023 жылдың басынан бері ҰҚК террористік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын ұстаған. Сот органдары осы уақыт аралығында дәл осындай фактімен тағы 10 адамды түрлі мерзімге темір торға жапқан.
Атырау облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталса, Шымкент қаласының екі тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Олар халықаралық террористік ұйымдар уағызшыларының ықпалына түскен. Тергеу барысында әлеуметтік желі арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары анықталды. Сонымен қатар, террористік әрекет жүріп жатқан аймақтарға бару үшін шетелдік содырлармен байланысқа шықпақ болған", – деп хабарлады ҰҚК.
Айыпталушылардың кінәсі куәгерлермен, заттай деректермен және басқа да материалдармен толық дәлелденген.
Пікір қалдыру