Назарбаев университетінің студенттері роботқа қазақ тілінде өлең оқытып, би билететін бағдарлама жасап шығарды.Бұл туралы «Қамшы» порталы «Қазақстан» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Науо есімді робот таяуда Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда қазақша өлеңді оқып екінші орын алған. Студенттер бұл бастамаларын елдің инновациялық алға ілгерілеуіне қосқан бір үлесіміз деп отыр. Роботты қазақша сөйлеткен студент – Жеңіс Отарбай. Ол достарымен бірге Ирландияда оқыған Назгүл Тәжіғалиеваның жетекшілігімен Науоға арналған бағдарламаны әзірлеп шыққан.
Ал анығында, Науо – Францияның Альдебаран компаниясының өнімі. Ол дәрі беру, сабақ оқыту секілді кішігірім қызметтер атқара алады. Университет студенттерінің ізденісі арқасында енді билейтін де болды.
Пікір қалдыру