Қазақстандық конькишi Денис Кузин Сочиде өткен бақылау жарысының 1000 метрлiк сайысында алдына жан салған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Vesti.kz сілтеме жасай отырып. Қазақстандық конькишi Денис Кузин мың метрлiктi 1 минут 9,85 секунда жүгiрiп өттi. Екiншi орында Барт Свингс (1.10,97) келдi. Мәренiң сызығын үшінші болып ресейлiк Алексей Суворов (1.11,23) кестi. 25 жасар Кузин 1000 метрде 2013 жылдың әлем чемпионы екендiгiн еске саламыз. Айта кетейiк, бұл күнi әйелдер арасында қазақстандық спортшы Екатерина Айдова осы қашықтықта екiншi (1.17,67) болды.