Күдебаевтың елден қашуы: Қырғызстанда 5 адам сотталды

/image/2023/07/03/crop-69_22_611x1087_photoeditorsdkexport31_1682575283.jpg

Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша бес адамға айыппұл салынды. 

"Қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық істің бес қатысушысы сотталды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін барлық айыпталушылар кінәсін мойындаған.

"Іс бойынша төрт айыпталушы – қарапайым тұрғын, тағы бірі – ҰҚКД Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері екені белгілі болды. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық айыпталушыларға 350 мың сом айыппұл салынды", – деп хабарлады редакция.

 

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар