Іздеуде жүрген қазақстандық әйел Дубайда ұсталды

/image/2023/07/05/crop-16_4_436x776_photo_114254.jpeg

"ӨКМ Операторы" бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, - деп хабарлайды Антикор.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатқаны айтылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар