Қазақстандық боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік допингке байланысты жарыстан үш жылға шеттетілді.
Төлтаев тыйым салынған оралтуринабол препаратын, Серік метастерон препаратын пайдаланған. Саматәлі Төлтаев 2023 жылғы 31 наурыздан 2026 жылғы 31 наурызға дейін, Абзал Серік 2023 жылғы 7 сәуірден 2026 жылғы 7 сәуірге дейін жарыстан шеттетілді.
Еске сала кетейік, Төлтаев бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Абзал Серік – 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия жастар чемпионатының финалисті.
Пікір қалдыру