Дос Көшім: Біз – дүбәрә мем­лекетпіз

/uploads/thumbnail/20170708151156978_small.jpg

Біз қазір қандай мем­лекетпіз деген сұ­рақ­­қа: «біз – дүбәрә мем­лекетпіз» деп жауап бергім келеді де тұрады. бізде қазір 4-5 бағыт бар: біріншіден, Кеңес үкіметінен қалған идеологиялық бағыт, екінші орыстілді қоғамның салқынынан арылмағандығымыз, үшінші діни бағыт-бағдардағы қайшылықтарымыз, төртінші ұлттық мемлекет құрамыз деген ниеттен туған саяси ұстаным. Қысқасы, біз әлі мемлекетіміздің даму бағытын дұрыс ай­қын­даған жоқпыз. Бірақ, диалектиканың заңы бойынша, бәрібір қазақтың саны артып, көрсеткіші сапаға айналып жатыр десек қателеспейміз. Міне, осы тұста мем­­лекет өзі атын алған ұлт жағында болуы тиіс. Бізде қазір екі жол бар. Бірінші мемлекет басындағылар Конституциямызда көрсетілген унитарлы – мемлекеттік құрылымды ұлттық негізде сақтап қала ала ма, екінші оны, әйтпесе, көпұлтты деген ұғым-түсініктегі бағыт-бағдарға салып, «америкалық ұлт» кескін-кейпін түсіре ме? Сондықтан бұл – біз үшін үлкен бір қоңырау.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар