Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы түрмеден тоғыз бірдей террорист қашып шыққан.
Қашу барысында қылмыскерлер өздеріне қарсылық көрсеткен 3 тәртіп сақшысын мерт қылған. Бір әскери қызметкер ауыр жарақат алған. Оқиға барысында бір қылмыскер жараланған. Көп ұзамай 5 бірдей терроршылар ұсталып тынды. Қалған 4-не қазір іздеу жарияланған.
Айта кетуіміз керек аталған қылмыскерлердің барлығы діни-экстремистік бағыттағы қылмыстар үшін жазаға тартылғандар.
«Қамшы» сілтейді.
Пікір қалдыру