Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының басшысы, қоғам белсендісі Бесжан Төлеубекұлы 15 тәулікке қамауға алынды.
Судья Руслан Жамалбек белсендіні Әкімшілік кодекстің 488 бабы, 7 тармағы "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша кінәлі деп тапқан.
Еске сала кетейік, Бесжан Төлеубекұлын Жамбыл облыстық сотындағы Қаңтаршылардың апелляция процесінен Алматыға орала салысымен үйіне кіреберісте полицейлер ұстап әкеткен. Оған 11 шілде күні Әуежайды басып алу ісі қаралған Наурызбай аудандық соты ғимараты алдында "санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, "ХАЛЫҚ ТЕРРОРИСТ ЕМЕС!" деген плакат ұстаған топ алдында микрофонмен сөйлеп, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы заңсыз митингке шақырды. Прокуратура мен әкімдік өкілдерінің ескертуіне құлақ аспай өз әрекетін жалғастырды. Жиынға қатысып, белсенді болды" деген айып тағылған.
Пікір қалдыру