Марат Күлдіков ТЖМ вице-министрі қызметінен босатылды

/image/2023/07/14/crop-119_64_723x1285_img_8202-1440x810.jpeg

Үкімет қаулысымен Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 10 қазанда Үкімет қаулысымен Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалған Марат Күлдіков Абай ауданында болған өрттен кейін өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берген болатын. 

Еске сала кетейік, Абайдағы өртке байланысты жедел штаб отырысында Тоқаев вице-министрді сынға алып, "қызметін орындауға немқұрайлы қарады" деген еді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар