"Шешімді президент қабылдайды": Досаев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді

/image/2023/07/26/crop-48_37_405x720_16fb3c90-37e2-45e0-ab67-49d9c2a860ac.jpeg

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қала тұрғынының "отставкаға кетесіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

Тұрғынның айтуынша, Досаевтың кеткенін талап ететін петицияға 57 мыңнан астам адам қол қойған.

Бұл сұраққа жауап берген Досаев петицияға "боттар қол қойып жатқанын, жалпы шешімді тұрғындар емес, президент қабылдайтынын" атап өткен.

"Бұл жерде бәлкім боттар жұмыс істейтін болуы керек. Петицияға қарасам, ол жерде ЖСН нөмірін, тегін көрсетпейтіндер де жүр. Тұрақты түрде көтеріліп жүрген мәселелерді назарда ұстап отырмын, уәде беріп қана қоймай, үлкен жұмысты да атқарып жатырмыз. Қала тірі механизм іспеттес, күнде бірдеңе болады. Маған әкім ретінде сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Бірақ мені бұл қызметке мемлекет басшысы тағайындады, шешім қабылдайтын да сол", - дейді Досаев.

Еске сала кетсек, Досаевтың отставкасын талап еткен петицияға қарсы Ресейден боттар дауыс бергені хабарланған еді. Ол боттар әкімнің отставкасы жаппай қарсы дауыс берген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар