Белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты. Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Жанар Балғабаева хабарлады.
"31.07.2023. Таң. Жақсы жаңалықтар көп болсын. Ермек Нарымбайды қарсы алу",- деп жазды ол белсендінің бостандыққа шығу сәтінен суреттер жүктеп.
13 шілдеде сот Ермек Нарымбайды мерзімінен бұрын босатып, 11 айға жуық пробациялық бақылауда ұстауға шешім шығарған.
Еске сала кетейік, Ермек Нарымбай 2015 жылы "әлжелідегі жазба арқылы араздық тудырды" деп айыпталып, 3 жылға сотталған болатын. Кейіннен бұл шартты түрдегі жазаға ауыстырылды.
Осы кезде белсенді жеке басына қауіп төнгенін айтып Украинаға кетіп қалды. Ал 2022 жылдың ақпанында Қазақстанға қайтып оралып, әуежайда тұтқындалып, қамауға алынды.
Пікір қалдыру