Қаңтар оқиғасы: Изоляторда қаза болған азаматтың өліміне байланысты полиция қызметкері сотталды

/image/2023/08/02/crop-71_29_547x972_18d65ac2-9eef-442b-bee4-ec5c748a77d7.jpeg

Семейде Қаңтар оқиғасы кезінде изоляторда қаза болған азаматтың өліміне байланысты полиция қызметкеріне үкім шықты.

2 тамызда Семей қаласының №2 соты Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша қамау изоляторында қаза болған Елдос Қалиевтің өліміне байланысты айыпты деп танылған полиция қызметкері 6 жылға сотталды. 

Семей қалалық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айдын Азанбаев жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Бұл туралы "Власть" сайтына сілтеме жасап, Азаттық радиосы хабарлады. 

Азаматтық белсенді және құқық қорғаушы Әлия Исенованың хабарлауынша, полиция қызметкері Азанбаев марқұм Қалиевтің жақындарына 9 млн теңге өтемақы төлеуге тиіс.

Айдын Азанбаевқа "Азаптау" және "Билік өкілетін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Тергеу органдарының хабарлауынша, ол "анықталмаған адамдармен" Елдос Қалиевті азаптаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар