Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ресейлік авиация жексенбі күні Сирияға 60 әскери ұшағын бағыттаған. Дәл сол күні Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мухаммад ибн Сальманмен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мәскеу үкіметі эр-риядтықтарды Сириядағы басты мақсаты – терроризммен күрес екеніне барынша сендіріп отыр.
Бұл туралы Путин телевизиялық сұхбат барысында: «Біздің мақсат – заңды билікті тұрақтандырып, саяси келісім табуға жағдай жасау», - деген болатын.
Владимир Путин Сириядағы құрлықтық операцияға ресейлік әскердің қатыспайтындығын ерек атап өтті: «Жоқ, біз ондай қадамға бармаймыз! Бұл сириялық достарымызға да мәлім нәрсе».
Бүгінде ресейлік авиацияның қолдауына ие сириялық үкімет Атшан қаласы мен Хама провинциясы маңайындағы ауылдарды өз бақылауына алып, шабуылдарын жалғастырып отыр.
Пікір қалдыру