Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды. Сондай-ақ сот оның мал мүлкін тәркілеуге үкім шығарған.
Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") және 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылған. Кәсіпкер Евгений Евковичке 28-баптың 5-бөлігі – 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Ерекше ірі мөлшерде пара беруге көмектесу") бойынша айыпталса, Мәсімовке сонымен қоса 92-бап – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" айыбы артылған.
Айыптаушы тараптың мәліметінше, полиция департаментінің басшысы өзінің орынбасарымен бірлесіп 90,3 миллион теңге көлемінде мүлік түрінде пара алған.
Пікір қалдыру