2024 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсетіні хабарланды

/image/2023/08/21/crop-26_130_646x1149_256c687950d4c996bbcf1961e5a.webp

"2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

• ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
• мемлекттің базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
• ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
• айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
• әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болады.

Сондай-ақ, тұрғын үй және коммуналдық төлем төлеуге арналған ай сайынғы ақшалай өтемақы мөлшері әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне 3 739 теңге мөлшерінде белгіленеді. Құжат жобасы 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар