Ертең АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді.
Тыңдалым Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының орта мектебінде болады. Шара сағат 11:00 де басталады. Жиынға қатысушылардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, АЭС салуға ең қолайлы аумақ ретінде Үлкен ауылы таңдалған.
Еске сала кетейік, елімізде АЭС салуға қатысты қоғамдық пікір екіге жарылған болатын. Соған байланысты ел президенті референдум жасауға уәде берген еді. 2022 жылдың қарашасында АЭС құрылысына француздық Assystem компаниясы көмектесетіні айтылды. Электр станциясының қуаты 2,8 мың МВт-қа дейін жетеді.
Пікір қалдыру