Қазақстанда 7 градусқа дейін күн суытады

/image/2023/08/23/crop-32_92_686x1219_grass-3835507_1280.jpg

Синоптиктер 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

"Ауа температурасы республиканың солтүстік облыстарында - түнде солтүстікте ауа температурасы 7-12 градусқа дейін, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар