"Қазақстан" шахтасындағы өрт: Үкімет комиссиясы жұмысын 10 күнге ұзартты

/image/2023/09/04/crop-30_26_625x1110_64eaf12615e0b057433020.png

"Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова хабарлады. 

Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.

"Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Газ мөлшерін бақылауда ұстап тұрмыз. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды", - деді Жанна Дәуренбекова.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "Қазақстан" шахтасында өрт болып, бес кенші қаза тапқан болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар