"Қазгидрометте" 8 қыркүйекте Қазақстан өңірлерінің тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Астанада ауыспалы бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ұрады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 жылы.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 жылы.
Шымкентте бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ұрады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа өтеді, жел 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 жылы.
Пікір қалдыру